Пайдалану шарттары

Ежелден кітапхана – білім ордасы болып саналады. ЖМУ кітапханасы – университеттің құрылымдық бөлімшесі. Университет кітапханасында сала бойынша көптеген кітаптар жиналған.

 

Сіз бірінші рет кітапханаға кірдіңіз. Сондай-ақ, университеттің оқу ғимаратында 3 оқу залдары орналасқан. Оқу залдарындағы барлық компьютерлер Интернетке қосылған.

Оқырманның көмегіне жүйелі және алфавиттік каталогтар, сонымен бірге дәстүрлі және электрондық картотека жүргізіледі.

Кітапхана туралы не білуіңіз керек?

Біріншіден, кітапханаға жазылу үшін, сіздің осы университетте оқитыныңызды дәлелдейтін құжатыңыз болуы керек (сынақ кітапшасы, студенттік билет).

Кітапханаға жазылған кезде кітапхананың ережесімен танысқаныңызды және сол ережелерді орындайтыныңызды растайтын қолыңызды қоясыз. Оқу жылының аяғында бүкіл кітаптарды өткізіп, керектісін ұзартуыңыз қажет. Кітаптарды өткізбеген оқырмандарға келесі жаңа оқу жылында кітап берілмейді.

Кітапхана пайдалануы тегін.

Оқырман кітапханадан уақытша пайдалануға кітаптар, журналдар, газеттер және де басқа материалдарды алуға, сондай-ақ каталог пен картотекалар жүйесі арқылы кітапхананың кітап қоры туралы толық ақпарат алуларына құқылы.

Әрбір оқырман дәстүрлі және электрондық катологтармен жұмыс істей алуы тиіс. Ол үшін оқу жылының басында бірінші курс студенттеріне арналған экскурсиялар мен кеңестер жүргізіледі.

Үйге алып оқитын әдебиеттер абонементтерде беріледі. Оқулықтар бір семестрге, ғылыми, көркем әдебиеттер бір айға беріледі.

Оқу залдарында басылымдардың барлық түрін пайдалануға болады, бірақ сыртқа алып шығуға рұқсат берілмейді.

Энциклопедиялар, анықтамалар, мерзімді басылымдар, сирек кездесетін және де бағалы кітаптар тек қана оқу залдарында беріледі.

Кітапханадағы каталог пен картотека залында CD дисктарды, Интернетті пайдалануға болады.

ЖМУ кітапханасының оқырманы бола тұра, қандай міндеттерді білулерің керек?

Кітап алу үшін құжат көрсету керек (сынақ кітапшасы, студ. билет), әрбір алған басылым үшін міндетті түрде оқырман формулярына қол қою қажет.

Кітапханадан алған басылымдарды уақытында қайтарып, ұқыпты қарау керек.

Кітап алған кезде, кітапты тексеріп алу керек. Кітапханаға залалын келтірген оқырман ҚР заңы бойынша материалдық жауапқа тартылады.

Жоғалған кітапты оқырман тура сондай басылыммен ауыстыра алады. Университетті бітірген соң оқырман кітапханамен толық есептесу керек.

Оқырманға рұқсат етілмейді:

  • Оқу залдарына портфельмен, сумкалармен, сыртқы киіммен, жеке және кітапхана кітаптарымен, газет – журналдармен және басқа да басылымдардың кесінділерімен кіру.
  • Тыныштық пен тәртіпті бұзу.
  • Өз құжатын басқа біреуге беру, немесе кітап алған кезде басқа біреудің құжатын пайдалану.
  • Оқу залынан рұқсатсыз әдебиеттерді алып шығу. Кітапхананың басылымдарын бүлдіру (кітап бетіне жазу, жырту, кітаптын бетін бүгу)
  • Каталог пен картотека жәшігінен карточкаларды жұлып алу.
  • Рұқсатсыз кітапхананың кітап қоймасына кіру.
Scroll to Top