Біз туралы

  • Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі. Кітап біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихта да, әдебиетті де басқа ғылым кереметтерін де осы кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі-осы кітаптар.
  • Рухани тарихын, ата бабаларымыздың салт дәстүрлерін, әдет ғұрпын тануда кітаптың берер, көмегі ұшаң теңіз. Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «кітап» деген құдіреттен тапты.
  • Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап. Әр кітап өзінше бір құпия. Қолға алып парақтай бастасаң, ғасырлар қойнауының тұңғиық тереңінен таңғажайып талай талай сыр шертеді. Ол әрбір жеке тұлғаның ой өрісін дамытып, рухани қазынасына айналды. Қазіргі қоғамымыздың қайнар көзі осы кітапханадан бастау алады. Осы қасиетті қазынамыз кітаптарды көзіміздің қарашығындай сақтайтын, оқырманды кітап мұхитына жетелейтін мәдени ошақтардың бірі кітапхана.
  • 1972 жылы Талдықорған педагогикалық институты ашылып, соның негізінде кітапхананың құрылуы Жетісу мемлекеттік университетінің тарихымен тығыз байланысты болды. Сол кезде кітапхана штаты 3 қызметкерден тұрған, кітапхана қоры мекемелер мен білім жүйесі ұйымдарының кітапханаларының коллекцияларынан жинақталған.
  • 2004 жылдың 20 қыркүйегінде университеттің Қылыми Кеңесңнңғ отырысында университет кітапханасына Ғали Ормановтың есімі берілсін деген шешім қабылданды.
  • Қазіргі таңда И.Жансүгіров атындағы ЖМУ кітапханасының көпсалалы қоры 500 мың дана кітаптан тұрады. Университетте қорғалған диссертациялар мен авторефераттар жинағы, ғылыми қызметкерлердің еңбектері, университет баспалары кітапхана қорының негізгі бөлігі және мақтанашы болып табылады. Кітапхана қоры кең ауқымды әмбебап және профильдік мерзімді басылымдарға, энциклопедияларға, сөздіктерге, анықтамалықтарға, оқу-әдістемелік әдебиеттерге бай. Біздің елімізде ғылыми, оқу-әдістемелік және баспа қызметтерінің белсенді дамуымен байланысты, жоғарғы оқу орындарындағы мамандықтар бойынша оқылатын пәндер оқулық, ақпаратық және басқа басылымдармен толықтырылуда.
  • Жоғары оқу орындарының қарқынды дамуына байланысты, жаңа факультеттер және мамандықтардың ашылуына орай, кітапхана қорын жинақтау және оның сақталуын қамтамасыз ету, ақпараттық-библиографиялық жүйені модернизациялау, оқырмандарға жоғары сапада қызмет көрсетуге кітапхана белсенді жұмыс атқаруда.
  • Кітапханада электрондық ресустардың көпфункционалды залы, WiFi аймағы бар, ақпаратты өңдеу үрдісінің бағадарламалық қамтылуы жаңартылуда. Электрондық қорды білім ресурстарымен толықтыру және дамыту үшін, жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін «Элар» атты планетарлық сканермен қамтамасыз етілді.
  • Оқырмандарға қызмет көрсету үшін, 114 компьютермен қамтылған бес оқу залы жұмыс істейді. Бұл оқырмандарға халықаралық және Қазақстандық базалармен жұмыс істеулеріне және білімдерін жетілдіруіне көп мүмкіншілік береді. Кітапхана оқырмандарының әмбебап және оқулық абонементтерінен әдебиеттерді үйіне алуға мүмкіндігі бар, сонымен қатар әдебиетерді ашық қордан өздері іздеуге және таңдауға болады

Орталық қызметтерінің бағыттары

  • Кітапхана ресурстарын қалыптастыруда, профессорлық-оқытушылар құрамына және студенттердің кәсіби қажеттілігіне керекті, кітапхана функционалды секторды құрайды: жинақтау және ғылыми өңдеу, анықтама библиографиялық жұмыс және кітапханалық процесстерді автоматизациялау секторы, қызмет көрсету секторы. Кітапхана Бастау, Фолиант, Экономика, Нұр Пресс, Эверо, Қазақ университеті, сияқты басты қазақстандық баспалармен ынтымақтастық орнатқан, Оксфорд юниверсити Пресс, Пирсон, Кэмбридж юниверсити пресс, «Shpringer» «Юрайт», «Академия – книга», «Феникс» сияқты шетел баспаларының әдебиеттері сатылып алынған. Кітапхана ғылыми БД: Thomson Reuters, Elsevier, Polpred.com., ЭБС «Лань» баспасына, РМЭБ, біртұтас электрондық кітапханаға, виртуалды ғылыми кітапханаға рұқсат алуды ұсынады.

Кітапхананың стратегиялық дамуы:

  • Кітапхананың инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру, жайлы кітапхана аясын ұйымдастыру, кітапханалық процесстерді автоматтандыру және электрондық кітапхана ашу.
Scroll to Top