Ғали Орманов

  • Ғали Орманов 1907 жылы тамыз айының 15 жұлдызында қазіргі Талдықорған облысының Аксу ауданында Ешкіөлмес тауының бауырында туған.
  • Алматыдағы Халық ағарту институтында білімін толықтырып, болашақ ақынның әдебиетте көрінуі де осы кезден басталады.
  • Ағашқы еңбек жолы – Іле аудандық оку бөлімінде меңгерушісі. «Социалистік Қазакстан» газетіне қызметке ауысқан Ғали әуелде әдеби қызметкер, кейін әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1939—1946 жылдары ол Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болып істейді. Соғыстан бергі дәуірде Ғали «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз» ) журналында, Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, Қазақстан жазушылар Одағында басшы қызметтерде тағайындалды.
  • Ғ. Орманов — Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының мүшесі. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
  • Ғали Ормановтың алғашқы өлендері 1928 жылдан баспа жүзінде шыға бастады.Тұңғыш жинағы «Шеңбер» деген атпен басылып шықты. Бұдан кейін «Көтерме» әңгімелері мен очерктерінің жинағы, «Абысын сыры» прозалық жинағы жарық көрді. Ұлы Отан соғысы жылдары «Халық қаһарман», «Емен» өлеңдер жинағын шығарды. «Өмір дастаны», «Бөбек жүрегі», «Сәт сапарда», «Ой қанаты», «От өзен», «Жер қазығы», «Жыр қанаты», «Жылдары жыры», т.б, өлең жинақтарында әлеуметтік оқиғаларды суреттеуде ақындық шеберлік танытты.
  • Сонымен бірге оның есімі Пушкиннің, Лермонтовтың, Маяковскийдің, Шекспирдің, Низамидің бірқатар шығармалары мен Толстойдың «Анна Каренина» романын аударуымен танылған
Scroll to Top