Пайдалану шарттары

Ежелден кітапхана – білім ордасы болып саналады. Университет кітапханасында сала бойынша көптеген кітаптар жиналған.

 Сіз ЖУ кітапханасына  бірінші рет кірдіңіз. Біздің кітапхана университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кітапханада оқу абонементі, 2 оқу залы бар. Сондай-ақ оқу ғимараты бойынша 2 оқу залы орналасқан. Барлық оқу залдарында интернетке қосылған компьютерлер бар.

Оқырмандарға көмек ретінде электронды каталог жүргізіледі.

Кітапхана қызметтерін пайдалану туралы не білуіңіз керек?

Кітапханада электронды қызмет көрсетіледі. Оқырманның электрондық формуляры білім алушының жеке кабинетінен қолжетімді.

Әр семестрден кейін оқырмандар әдебиетті тапсыруға немесе оны пайдалану мерзімін ұзартуға міндетті. Келесі жылы қайта тіркелмеген оқырмандарға қызмет көрсетілмейді.

Кітапхананы пайдалану тегін. Кітапхана оқырмандары кітапханада бар кітаптарды, журналдарды, газеттерді және басқа да материалдарды уақытша пайдалануға, библиографиялық және анықтамалық – ақпараттық қызмет көрсетуді пайдалануға, кітапхана қорларының құрамы туралы толық ақпаратты оның каталогтары мен картотекалар жүйесі арқылы алуға құқылы.

Кітапхананың әр оқырманы электронды кітапхананы пайдалану дағдыларына ие болуы керек. Кітапхананың электрондық ресурстарымен танысу үшін оқу жылының басында бірінші курс студенттеріне экскурсия – әңгімелер өткізіледі.

Үйге алып оқитын әдебиеттер абонементте беріледі. Оқу әдебиеті семестрге немесе оқу жылына, ал ғылыми және көркем әдебиет екі ай мерзімге беріледі.

Оқу залдарында басылымдардың барлық түрін пайдалануға болады, бірақ сыртқа алып шығуға рұқсат берілмейді.

Энциклопедиялар, анықтамалар, мерзімді басылымдар, сирек кездесетін және де бағалы кітаптар тек қана оқу залдарында беріледі.

Кітапханада электронды оқулықтар бойынша CD дискілерімен және Интернет қызметтерін пайдалануға болады.

ЖУ кітапханасының оқырмандары ретінде қандай міндеттерді орындау керек?

Оқырман кітапханада алынған басылымдарға ұқыпты қарауға, оларды белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті. Әдебиеттерді алған кезде әр басылымды мұқият қарап шығу керек, егер қандай да бір ақаулар табылса, бұл туралы кітапханашыға хабарлау керек, ол кітапта тиісті белгілер қояды. Әйтпесе, бұл ақаулар үшін оқырман жауап береді.

Кітапхана қорына зиян келтірген студент пайдалану ережелеріне сәйкес материалдық жауапкершілікке тартылатынын ұмытпаңыз. Кітап жоғалған жағдайда студент оны дәл сол басылыммен ауыстыруға, ал ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда оны өтеуге міндетті. Университеттен шыққан кезде оқырман кітапханамен толық есеп айырысуы керек.

Оқырманға рұқсат етілмейді:

  • Оқу залдарына портфельмен, сумкалармен, сыртқы киіммен және тыныштық пен тәртіпті бұзу.
  • Оқу залынан рұқсатсыз әдебиеттерді алып шығу. Кітапхананың басылымдарын бүлдіру (кітап бетіне жазу, жырту, кітаптын бетін бүгу)
  • Рұқсатсыз кітапхананың кітап қоймасына кіру.
Scroll to Top