Біз туралы

  • Кітапхана – бұл білім мен мәдениеттің маңызды орталығы, құнды білім мен рухани даналықтың, ұлттық естеліктің, көптеген ұрпақтардың мәдени және ғылыми мұрасының қоймасы.Біздің университет кітапханасының қабырғасында студенттерді, аспиранттар мен оқытушыларды көруге әрқашан қуаныштымыз.
  • 1972 жылы Талдықорған педагогикалық институты ашылып, соның негізінде кітапхананың құрылуы Жетісу университетінің тарихымен тығыз байланысты болды. Сол кезде кітапхана штаты 3 қызметкерден тұрған, кітапхана қоры мекемелер мен білім жүйесі ұйымдарының кітапханаларының коллекцияларынан жинақталған.
  • 2004 жылдың 20 қыркүйегінде университеттің Ғылыми Кеңесінің отырысында университет кітапханасына Ғали Ормановтың есімі берілсін деген шешім қабылданды.
  • Қазіргі таңда І.Жансүгіров атындағы ЖУ кітапханасының көпсалалы қоры 550 мыңнан астам дана кітаптан тұрады. Университетте қорғалған диссертациялар мен авторефераттар жинағы, ғылыми қызметкерлердің еңбектері, университет баспалары кітапхана қорының негізгі бөлігі және мақтанашы болып табылады. Кітапхана қоры кең ауқымды әмбебап және профильдік мерзімді басылымдарға, энциклопедияларға, сөздіктерге, анықтамалықтарға, оқу-әдістемелік әдебиеттерге бай. Біздің елімізде ғылыми, оқу-әдістемелік және баспа қызметтерінің белсенді дамуымен байланысты, жоғарғы оқу орындарындағы білім бағдарламалары бойынша оқылатын пәндер оқулық, ғылыми ақпаратық және басқа басылымдармен толықтырылуда.
  • Пайдаланушыларға қызмет көрсету мақсатында 63 моноблоктармен жабдықталған 4 оқу залы бар, бұл студенттерге, оқытушыларға және оқырмандарға қашықтықтан халықаралық және отандық дерекқорларға — толық мәтінді, рефераттық және библиографиялық: университет оқытушыларының электрондық оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарына қол жеткізуге бірегей мүмкіндік береді..
  • Кітапхана оқырмандарының оқу әдебиеті абонементінде үйге әдебиет алуға, сондай-ақ ақпарат көздерін өз бетінше таңдап, кәсіби ізденіс дағдыларын дамытып, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың дүниетанымын кеңейтіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады.

• Кітапхана қызметінің бағыттары

  • Кітапхана ресурстарын қалыптастыруда, профессорлық-оқытушылар құрамына және студенттердің кәсіби қажеттілігіне керекті, кітапхана 3 функционалды секторды құрайды: жинақтау және ғылыми өңдеу, анықтама библиографиялық жұмыс және кітапханалық процесстерді автоматизациялау секторы, қызмет көрсету және қорды ғылыми ұйымдастыру секторы.
  • Кітапхана Нур Пресс, Эверо, Қазақ университеті, Дарын, Адал, сияқты басты қазақстандық баспалармен ынтымақтастық орнатқан. Кітапхана: Elsevier, Polpred.com., РМЭБ, Wiley,Эпиграф, Параграф, Scopus ғылыми дерекқорлар базасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кітапхананың стратегиялық дамуы:

  • Кітапхананың инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру, жайлы кітапхана аясын ұйымдастыру, кітапханалық процесстерді автоматтандыру және электрондық кітапхана дамыту.
Scroll to Top